Samsung VGSTC3000 Digital Camera User Manual


 
Казақ-73
Казақ
КЕПІЛДІК
SAMSUNG ТД КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ
ЕСКЕРІМ (АВСТРАЛИЯ МЕН ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯҒА ҒАНА ҚАТЫСТЫ)
Осы пайдаланушы нұсқаулығында берілген Samsung ТД керек-
жарақтарының кепілдігі бұдан былай қолданылмайды (Австралия
мен Жаңа Зеландияға ғана қатысты).
Кепілдік туралы ақпаратты қораптағы “Тұтынушылық тауарлар (LED, LCD,
Плазма ТД және ТД керек-жарақтары)” деп аталатын кәртішкеден қараңыз.
Samsung компаниясының бұл өніміне, сатып алған күннен бастап,
ақаулығы бар бөлшектері мен жұмыстарына он екі (12) айға кепілдік
беріледі. Егер кепілдік шартына саятын қызмет қажет болса,
алдымен өнімді сатып алған дилерге қайтаруыңыз керек. Дегенмен,
Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталықтары кепілдік шарттарын
Кепілдік мерзімі аяқталғанша орындайды. Толығырақ ақпаратты ең
жақын уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
КЕПІЛДІК ШАРТЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ТҮСІРУ РӘСІМІ
Кепілдік шарты бойынша шағым түсіру үшін, Samsung уәкілетті
қызмет көрсету орталығына (қараңыз: толық ақпарат жоғарыда)
Кепілдік мерзімі кезінде хабарласып, өнімге қатысты туындаған
мәселелерді талқылаңыз. Егер жөндеу немесе айырбастау
жұмыстарын орындау қажет болса, сізге Кепілдік шағымы нөмірі мен
Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы беріледі.
Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы
нөмірі берілсе, өнімді Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
(i)
толтырылған кепілдік түбіртегінің көшірмесін, егер бұл құжат
Samsung компаниясына әлдеқашан берілген болса, аты-жөніңізді,
мекенжайыңыз бен байланыс телефон нөміріңізді беріңіз;
(ii) өнімді жаңадан сатып алғанда берілген түпнұсқалық чек, инвойс
немесе сатып алу парақшасы;
(iii) Кепілдік шағымы нөмірі.
Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да,
берілген мекенжай бойынша өзіңізге қайтарады.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
1. Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу
шарттары орындалса ғана заңды күшке ие.
2.
Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай, өнімді
немесе оның ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен ғана шектеледі.
3.
Кепілдік шарты бойынша жөндеулерді тек Samsung уәкілетті орталықтары
ғана жүзеге асыруға тиіс. Samsung тарапынан рұқсат алмаған қызмет көрсету
орталықтары мен делдал ұйымдар жүзеге асырған жөндеу жұмыстары үшін
ешбір төлемақы қайтарылмайды, және бұндай жөндеу жұмыстары мен өнімге
зақым келтірген жөндеу жұмыстары кепілдік шартына кірмейді.
4.
Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден
басқа елде қолдану үшін, сол елдегі заң күшіне ие жалпы заңдар мен
техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік стандарттарына сәйкес
келтіру қажет болса, бұндай әрекет, өнім ақауы бар материалдан
жасалған немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған
дегенді білдірмейді. Бұндай өзгертулер де, олардың салдарлары да бұл
кепілдікке кірмейді, және бұндай шығындардың құны қайтарылмайды.
15_Kaz.indd 73 2013-03-29  4:32:47